Мазмұнға өту

«ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ» ГАЗЕТІ ТУРАЛЫ

«Халық Кеңесі» газеті — Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін жедел әрі байыпты баяндайтын республикалық қоғамдық-саяси газет және дербес ақпарат агенттігі.

Басылым елдегі маңызды оқиғаларды, мемлекеттік бастамаларды, қоғамдық пікірді, сарапшылар мен азаматтардың көзқарасын жариялайды. Сайтта Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі, Кеңес мүшелерінің пікірі, сұхбаттар, сараптамалық мақалалар, ресми жаңалықтар, ұлттық құндылықтар, тарих, мәдениет, әдебиет және өңірлік мәселелер қамтылады.

Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мен мүшелері туралы материалдар Қазақстан Халық Кеңесі бөлімінде және Кеңес мүшелерінің жеке парақшаларында жарияланады.

Басылымның тарихы

«Халық Кеңесі» атауы алғаш рет 1990 жылғы 24 сәуірде жарық көрген газетпен байланысты. Басылым 1996 жылға дейін тұрақты шығып тұрды. Арада отыз жылға жуық уақыт өткен соң тарихи атау қайта жаңғыртылып, қазіргі ақпарат кеңістігіне жаңа мазмұнмен оралды.

Басылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде қайта тіркеліп, 2026 жылғы 18 наурызда № KZ26VPY00144770 тіркеу куәлігін алды.

Бүгінде «Халық Кеңесі» республикалық қоғамдық-саяси газет және halyq-kenesi.kz дербес ақпарат агенттігі ретінде жұмыс істейді. Басылымның негізгі мақсаты — елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды мәселелерді көтеру, халықтың пікірін жеткізу және қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогқа үлес қосу.

«Халық Кеңесі» газетінің ұстанымы

Редакция ақпаратты жедел, нақты және түсінікті жеткізуді басты міндет санайды. Материал әзірлеу барысында деректің анықтығына, авторлық пікірдің ашық берілуіне, журналистік әдепке және оқырман алдындағы жауапкершілікке мән беріледі.

Басылым қоғамдағы түрлі пікірлерге орын беріп, ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді байыппен талдауға ұмтылады. Редакция материалдарында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар басшылыққа алынады.

«Халық Кеңесі» сайтында жаңалықтар, сұхбаттар, сараптамалық мақалалар, ресми мәлімдемелер, қоғамдық пікірлер, мәдениет пен әдебиет материалдары қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Редакция және байланыс

Басылым: «Халық Кеңесі» республикалық әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси газеті
Ақпарат агенттігі: halyq-kenesi.kz
Меншік иесі: «Bastau Media» ЖШС
Тіркеу куәлігі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті берген № KZ26VPY00144770 куәлік, 2026 жылғы 18 наурыз
Редакция мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 41/1, 203-офис
Байланыс телефоны: +7 701 709 88 82
Электрондық пошта: halykkenesi@gmail.com

halyq-kenesi.kz — ел сөзі, қоғам үні және уақыт тынысы.

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.