Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Тоқаев Жолдауын тарихи өзгерістерден бастады: Қазақстан жаңа саяси кезеңге қадам басты

183 рет оқылды2 минут оқу

Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі жаңарды. Жаңа Конституция күшіне еніп, мемлекеттік билік институттары қайта құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын осы тарихи өзгерістердің мәнін түсіндіруден бастады. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына, Республика күнінің маңызына және ел болашағын айқындайтын конституциялық жаңғыруға ерекше тоқталды, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Президент Жолдауының кіріспе бөлігін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын.

Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша.

25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік.

Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек.

Биыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегін – Конституциямызды қабылдады. Бұл тұтас еліміз үшін тарихи мән-мағынасы терең оқиға болды.

Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға болады. Өйткені Конституцияда Қазақстанның қазіргі бітім-болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды.

Азаматтарымыз жаппай қолдаған Конституция 1 шілдеде заңды күшіне еніп, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі жаңғыруына, жаңа билік институттарының құрылуына үлкен серпіліс берді.

Жұртымыз жарқын болашаққа бастайтын ауқымды жұмысты атқаруға белсенді түрде кірісті.

Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр. Бұл мәселе аса маңызды болса да, көп сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Республика – халықтың ортақ ісі. Халық Кеңесі оны нақты шешімге айналдыра ала ма?
  2. Президент Халық Кеңесін жаңа саяси жүйенің бір бөлігі ретінде атады
  3. Қазақстан Халық Кеңесі деген не және немен айналысады?
  4. «АЛЖИР»-де азаттықтың бағасы айтылды: Республика күні тарихи жадымен ұштасты
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 575 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.