Мазмұнға өту
Жаңалықтар

«Әлем бұлыңғыр дәуірге аяқ басты»: Тоқаев жаһандық қауіп пен ел бірлігі туралы айтты

150 рет оқылды2 минут оқу

Әлемдегі тұрақтылық әлсіреп, алпауыт мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысы тереңдеп барады. Халықаралық құқықтың ықпалы төмендеп, жаһандық текетірестер күшейген тұста Қазақстан үшін ішкі бірлік пен қоғамдық тәртіптің маңызы арта түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы сын-қатерлерге тоқталып, елдегі реформалардың табысты болуы қоғамның татулығы мен келісіміне тікелей байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын.

Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз.

Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық.

Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет.

Қазіргі таңда әлем елдері арасында ақылға қонымсыз жалған айыптаулар, астыртын текетірестер күшейді, ал алпауыт, ықпалды мемлекеттердің арасында жаппай өзара сенім дағдарысы пайда болды.

Бақылаусыз, жүйесіз көші-қон ағындары әлдеқайда көбейді, бұл бірнеше еуропалық елдің қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіргеніне көзіміз жетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының абырой-беделі үлкен тоқырауға ұшырады. Халықаралық құқықтың құндылығы төмендеп кетті. Қысқасы, қазіргі әлем бұлыңғыр дәуірге аяқ басты, оның келешегі қандай болатыны туралы саясаткерлер мен сарапшылар арасында біртұтас пікір жоқ.

Күллі әлем жұртшылығы аласапыран кезеңде өмір сүріп жатыр десек, артық болмас. Мұндай күрделі, болжамсыз ахуал «қырғи-қабақ соғыс» кезінде де болмаған еді».

Тақырыпқа қатысты

  1. Ерлан Қошанов Президент атынан наградалар тапсырды. «Бірлік» тобына қандай міндет жүктелді?
  2. Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді
  3. Сайлауға сырттан кім ықпал етеді? Ермұрат Бапи Варшавада маңызды мәселе көтерді
  4. Республика – халықтың ортақ ісі. Халық Кеңесі оны нақты шешімге айналдыра ала ма?
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 575 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.