Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Тоқаев Халық Кеңесінің басты мақсатын атады

658 рет оқылды2 минут оқу

Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында жаңа органның басты мақсаттарын атады, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

— Уақыт бір орында тұрмайды, бұл — өмірдің заңы. Сондықтан, заманның тұрпаты да, талабы да өзгеріп отырады. Өркениетті ел болу — жаһан көшінен қалмай, үнемі бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Біз ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртымызды ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогты одан әрі дамыта түсуіміз қажет. Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатымыз да — осы, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ел тарихында алғаш рет қоғам мүддесі жолында еңбек етіп жүрген түрлі топтағы адамдар бір құрылым аясында бірікті.

Мұны «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт» тұжырымдамасының іс жүзіндегі нақты көрінісі деп айтуға болады.

— Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірлігіміздің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылады. Осы орайда, Қазақстан Халық Кеңесінің конституциялық мәртебесіне тағы да назар аударғым келеді. Бұл қадам орасан зор мүмкіндіктерге жол ашады, — деді Қ. Тоқаев.

Бұған дейін Президент бір жылда Қазақстанда елдің саяси жүйесі мен мемлекеттік басқаруына елеулі өзгеріс әкелген ауқымды реформалар жүзеге асқанын айтқан еді.

Сондай-ақ Халық Кеңесі мен Құрылтай бір-бірінің жұмысына араласпайды.

WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.