
Әзілханов Марат Алмасұлы
«Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
Қатысты материалдар ↓
«Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
Қатысты материалдар ↓Марат Әзілханов 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2019 жылы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
1988–1992 жылдары Қызылорда қаласының медициналық мекемелерінде дәрігер-хирург болып еңбек етті.
1992–2011 жылдары Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет жасады.
2011–2013 жылдары Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары болып, 2013–2014 жылдары Дін істері агенттігін басқарды.
2014–2016 жылдары — Мәдениет және спорт вице-министрі.
2016–2019 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам, Қоғамдық даму министрліктерінің жауапты хатшысы болды.
2019–2021 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
2021 жылғы 21 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан халқы ассамблеясының жойылуына байланысты лауазымынан босатылды.
2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап Қазақстан халық кеңесінің мүшесі және 24 қыркүйектен бастап Халық кеңесінің Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитетінің төрағасы.