Жаңалықтар

Халық кеңесінің 5 негізгі өкілеттігі: 71-ші бап не дейді?

Конституциялық комиссия жаңа институттың нақты жұмыс бағыттарын айқындады. Конституцияның 71-ші бабына сәйкес, Халық кеңесі келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  1. Ішкі саясат: Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеу.

  2. Бірлік пен ынтымақ: Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту тетіктерін іске асыру.

  3. Құндылықтарды насихаттау: Мемлекеттің негізгі қағидаттары мен жалпыұлттық құндылықтарын ілгерілету.

  4. Заңнамалық бастама: Заң жобаларын Құрылтай қарауына тікелей ұсыну.

  5. Референдум бастамасы: Республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығы.

Кеңес қызметінің егжей-тегжейлі тәртібі жеке конституциялық заңмен реттелмек. Бұл Халық кеңесінің формалды орган емес, мемлекеттік басқарудың нақты жұмыс істейтін элементі екенін дәлелдейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button