Жаңалықтар

Халық кеңесі – мемлекеттік басқарудың жаңа институционалдық моделі

Қазақстан халық кеңесі (ҚХК) – мемлекеттің институционалдық жүйесін трансформациялаудың негізгі элементі. 2026 жылғы конституциялық реформа аясында құрылған бұл орган Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіріп, олардың институционалдық мұрагеріне айналды. Кеңестің басты ерекшелігі – оның конституциялық мәртебесі. Мемлекеттік басқарудың жаңартылған архитектурасына кіріктірілген бұл институт қоғамдық диалогқа заңнамалық салмақ беріп, оны шешім қабылдау үдерісінің ажырамас бөлігіне айналдырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button