Жаңалықтар
1 шілде — Қазақстан халық кеңесі ресми түрде жұмысына кіріседі

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздің саяси картасында жаңа орган — Қазақстан халық кеңесі (ҚХК) өз қызметін бастайды. Қазіргі уақытта Кеңестің 126 мүшесін іріктеу және тағайындау процесі аяқталуға жақын.
Кеңес мүшелері Президент жарлығымен бекітілгеннен кейін, олар өз арасынан Төрағаны сайлайды. Жаңа органның алғашқы отырысында елдің ішкі саясатының басым бағыттары мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланады деп күтілуде. Халық кеңесі заң жобаларын әзірлеуге және референдумдар өткізу бастамаларына тікелей араласатын болады.



