Жаңалықтар

«Үш тең квота» қағидаты: Халық кеңесі қалай жасақталады?

Конституциялық комиссия Халық кеңесінің құрамын жасақтаудың бірегей тетігін таныстырды. Кеңес жұмысқа қабілетті әрі кең өкілділікті қамтамасыз ететін 126 мүшеден тұратын болады.

Орган «үш тең квота» қағидаты бойынша құрылады:

  • 42 өкіл — этномәдени бірлестіктерден;

  • 42 өкіл — мәслихаттар мен аймақтық қоғамдық кеңестерден;

  • 42 өкіл — азаматтық сектор мен ірі қоғамдық ұйымдардан.

Мұндай құрылым өңірлердің, түрлі этностардың және азаматтық қоғам белсенділерінің мүдделерін теңгерімді түрде қамтуға мүмкіндік береді. Осылайша, Халық кеңесі қоғамдық ұстанымдарды эпизодтық емес, жүйелі түрде ескеретін тұрақты мемлекеттік-қоғамдық органға айналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button