Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

181 рет оқылды1 минут оқу

Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz тілшісі.

Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының өкіміне және «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Дмитрий Останькович — 1975 жылы Шымкентте туған композитор, педагог және қоғам қайраткері. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған, кейін ҚазҰӨУ-де оқытушы, доцент, факультет деканы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бері Астанадағы «Радима» беларусь мәдени орталығын басқарған, кейін «Родны кут» беларусь этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы болды. 2025 жылғы сәуірден Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ләззат Шыңғысбаева — 1977 жылы Алматы облысында туған. Талдықорған заң колледжі мен Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Бұрын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарған, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінде, «ADAL» партиясының Алматы облыстық филиалында қызмет атқарған. 2022–2025 жылдары «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары болды, ал 2025 жылғы 1 ақпаннан бері қордың басқарма төрағасы болған.

Еске салсақ Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілген еді. Президент Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынылып, сайланды.

Айта кетелік Президент Халық Кеңесі мен Құрылтай бір-бірінің жұмысына араласпайтынын және өңірлердің үні Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы жететінін айтқан еді.

WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.