Жол сапасына келгенде «футбол» басталған: Тоқаев жауапкершілікті Үкіметке жүктеді

Қазақстанда жол құрылысының сапасына қатысты жауапкершілікті мемлекеттік органдардың бір-біріне ысыра беруіне тосқауыл қойылмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында республикалық және жергілікті жолдардың сапасын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, шенеуніктердің түрлі ережелерді сылтау етіп, мәселені шешуді созбалаңға салғанын ашық айтты. Мемлекет басшысы енді барлық автожолға Үкіметтің Көлік министрлігі арқылы жауап беруі керектігін тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан арқылы өтетін автомобиль транзитінің жартысынан көбінің шетелдік тасымалдаушыларға тиесілі екенін атап, отандық кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін көтерді, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.
Президент «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейту, шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін жаңғыртуды аяқтау және жол құрылысының сапасын түбегейлі жақсарту міндеттерін де белгіледі.
Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:
«Біз Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, яғни, еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи, өте дамыған теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруымыз керек. Бұл – стратегиялық міндет.
Еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Демек біздің алдымызда жол инфрақұрылымын жақсарта түсу міндеті әлі де тұр. Бұл, әсіресе, солтүстік аймақтарға қатысты өзекті мәселе.
Сондықтан ендігі кезекте «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейту ісіне кірісу керек.
Автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерімізге жәрдем көрсету қажет.Себебі Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің жартысынан көбі шетелдіктерге тиесілі. Осы саланы да ретке келтіретін уақыт келді, Үкімет тиісті іс-әрекеттерді қолданады.
Негізгі мақсат – еліміздің жолдарының әлеуетін нығайтып, азаматтарымыздың табысын арттыру.
В следующем году нужно завершить качественную реконструкцию всех автомобильных пунктов пропуска.
Эта работа до недавнего времени велась ни шатко ни валко.
Перед нами стоит острейшая задача качественного строительства всех (именно всех) автодорог – республиканских и местных.
Ссылаясь на положения и регламенты, исполнительные органы в центре и на местах устроили настоящий «футбол» – тему запинали и сделали все возможное, чтобы утопить проблему в непролазном болоте.
Поэтому поручаю: всеми дорогами, будь то республиканскими (центральными), это около 26 процентов всех дорог, или местными, которые находятся в ведении акиматов, должно заниматься Правительство в лице Министерства транспорта.
Повторю: нам нужны очень качественные дороги.
Ссылки на качество битума, щебенки не принимаются».
Тақырыпқа қатысты материалдар
- Жаңа жол тозды: Халық Кеңесіндегі сыннан кейін Үкімет реформа бастады
- Қытай жүктері өтіп жатыр, бірақ Қазақстан артта қалуы мүмкін: Тоқаев логистикадағы қауіп туралы ескертті
- Өңірлердің үні Астанаға жете ме: Халық Кеңесі жаңа жұмыс кезеңіне кірісті
- Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев ел көлемінде бұрын-соңды болмаған құрылыс басталатынын мәлімдеді


