Мазмұнға өту
Жаңалықтар

«Қағаз құжатпен транзит басқару – тығырыққа апаратын жол»: Тоқаев әуежайлар мен көлік саласындағы өзгерістерді жариялады

108 рет оқылды2 минут оқу

Қазақстанда бірнеше жаңа әуежай іске қосылмақ, ал Астанада тағы бір әуе айлағының құрылысы басталады. Бірақ көлік саласын толық цифрландырмай, Еуразияның ірі транзиттік орталығына айналу мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықаралық жүк тасымалын әлі күнге дейін қағаз құжаттар арқылы басқаруды қисынсыз тәжірибе деп атады. Мемлекет басшысы әуежай құрылысын жандандырумен қатар, бүкіл көлік жүйесін заманауи цифрлық басқаруға көшіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің мәлімдеуінше, Арқалық әуежайын қалпына келтіру аяқталған. Ал Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары таяуда іске қосылуы тиіс. Сонымен бірге 2027 жылы халықаралық ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежай салу жоспарланып отыр.

Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.

Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз.

Чтобы твердо занять позицию ключевого транспортного хаба Евразии, Казахстану предстоит выполнить немало важных задач.

В первую очередь, речь идет о полной цифровизации транспортной отрасли, включая международные маршруты.

В эпоху искусственного интеллекта управлять глобальными транзитными потоками с помощью бумажных накладных – это абсурд.

И это самый короткий путь в никуда».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Қытай жүктері өтіп жатыр, бірақ Қазақстан артта қалуы мүмкін: Тоқаев логистикадағы қауіп туралы ескертті
  2. Жол сапасына келгенде «футбол» басталған: Тоқаев жауапкершілікті Үкіметке жүктеді
  3. Жаңа жол тозды: Халық Кеңесіндегі сыннан кейін Үкімет реформа бастады
  4. Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 575 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?
411 рет оқылды

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысы, мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігі, жастардың ойынқұмарлыққа тәуелділігі және өңірлердің цифрлық дамуы әлі де өзекті мәселе.…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.