Қыста қымбатқа сатып алып, жазда арзанға қайтарады: Тоқаев энергетикадағы ондаған жылдық «бизнесті» сынға алды

Қазақстанда электр энергиясы тапшы, ал жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары кешігіп жатыр. Соған қарамастан энергетика мәселесіне арналған форумдар мен талқылаулар жиі өткізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы қайшылыққа назар аударып, саладағы қалыптасқан тәжірибені өткір сынға алды. Мемлекет басшысының айтуынша, ел қыста көрші мемлекеттерден электр энергиясын жоғары бағамен сатып алып, жазда оны әлдеқайда арзан бағамен қайтарады. Мұндай жағдай ондаған жыл бойы жалғасып келеді. Президент Балқаштағы жылу электр орталығы құрылысының тоқтап қалғанын, сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұздағы жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу мерзімдерінің бұзылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:
«В современных реалиях решающим фактором конкурентоспособности каждого государства и даже экономического суверенитета стала обеспеченность электроэнергией.
Наступившие реалии, по сути, это – «эра электричества».
Для Казахстана критически важно преобразовать его сырьевое преимущество в устойчивый энергетический и технологический прогресс.
Откровенно говоря, здесь проблем более чем достаточно.
Профессиональных энергетиков у нас «раз-два и обчелся», а форумы, дискуссии по энергетической проблематике проводятся с завидной частотой и масштабностью.
Между тем, ежегодно казахстанская энергетика сталкивается с серьезным дефицитом и поэтому в зимние периоды в так называемые пиковые моменты производятся закупки электроэнергии в соседних странах по высокой цене, а затем летом товар возвращается назад по резко заниженной стоимости.
Вот такой простенький «бизнес», причем на протяжении десятилетий.
Меня уверяют, что это нормальная практика в энергетической сфере.
Поэтому и неудивительно, что в свое время сумели «завалить» уже начавшееся строительство ТЭЦ в Балхаше.
И сейчас срывается ввод в строй генерирующих мощностей в Туркестане, Кызылорде, Алматы, Экибастузе».
Тақырыпқа қатысты материалдар
- Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын жариялады
- «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс»: Тоқаев барлық өңірде жаппай құрылыс бастауды айтты
- Ластаушы кәсіпорындарға экопаспорт енгізіле ме? Халық Кеңесі экологиялық бақылаудың жаңа тетіктерін талқылады
- «Реформа үшін реформа керек емес»: Мұрат Әбенов маман даярлау мен нақты нәтиже мәселесін көтерді


