«Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс»: Тоқаев барлық өңірде жаппай құрылыс бастауды айтты

Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік нысандар құрылысы жандануға тиіс. Мектеп, аурухана, мәдениет және спорт нысандарына деген нақты қажеттілік анықталып, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жаңа қарқын алуы қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жекелеген жобалармен шектелмей, бүкіл ел көлемінде ауқымды құрылыс жүргізу міндетін алға қойды. Мемлекет басшысы бұл жұмыстың басты мақсаты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту екенін атап өтті, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:
«Еліміз ұдайы қарқынды дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру өте маңызды.
Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты.
Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз.
Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ.
Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет.
Бірінші кезекте, жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін егжей-тегжей анықтау жұмысын тез арада толығымен бітіру керек».
Тақырыпқа қатысты материалдар
- Бағдарлама бар, мәселе шешілмейді: Сүйентаева өңірлердегі түйінді Халық Кеңесіне шығармақ
- «Реформа үшін реформа керек емес»: Мұрат Әбенов Халық Кеңесінде нені өзгертпек?
- Құрылыста жұмысшы зардап шексе, кім жауап береді? Халық Кеңесінде мердігерлердің міндетін нақтылау ұсынылды
- Жаңа жол тозды: Халық Кеңесіндегі сыннан кейін Үкімет реформа бастады


