Мазмұнға өту
Жаңалықтар

25 млн теңгеден және тағы 100 млн: Халық Кеңесі мүшелері сарбаздар отбасына қаржылай көмек жариялады

283 рет оқылды1 минут оқу

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Шахмұрат Мүтәліп пен Гаджи Гаджиев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Каспий теңізі, Маңғыстау облысы, әскери қызметшілер, қайғылы оқиға, Қазақстан Халық Кеңесі, Шахмұрат Мүтәліп, Гаджи Гаджиев, қаржылай қолдау , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 22:50Сурет: Instagram/shakhmurat_mutalip

Алдымен кәсіпкер, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Integra Construction KZ компаниясы қаза тапқан әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден беретінін айтты.

Оның сөзінше, бұл көмек мемлекеттік қолдауға қосымша ретінде әр отбасына жеке тәртіппен көрсетіледі.

«Қайтыс болған баланы ешқандай ақша қайтара алмайды. Алайда мұндай сәтте бірде-бір отбасы қайғысымен жалғыз қалмауы керек», деп жазды Шахмұрат Мүтәліп Instagram-дағы парақшасында.

Ал Қазақстан Халық Кеңесінің тағы бір мүшесі, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.