Мазмұнға өту
Жаңалықтар

2027 жылы бүкіл ел құрылыс алаңына айнала ма? Тоқаев әр аудан мен ауылда ауқымды жұмыс бастауды ұсынды

2 421 рет оқылды2 минут оқу

Қазақстанның облыс орталықтарынан бастап шалғай ауылдарға дейін жол, аурухана, тұрғын үй, спорт және мәдениет нысандарын салу мен жаңғырту жұмыстары қолға алынуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Мемлекет басшысы инфрақұрылымды жаңғырту тек ірі қалалармен шектелмей, аудандар мен елді мекендерді түгел қамтуы қажеттігін айтты, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, құрылыс жұмыстары жолдар мен әуежайларды, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерін, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын қамтуға тиіс. Сонымен қатар өңірлерде кітапханалар, шығармашылық үйлері, спорт кешендері мен ғылыми орталықтар салу көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

– Сондықтан мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді. Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Газ, ауыз су және жүз мыңдаған жұмыс орны: Тоқаев «Халықтық құрылыс» бастамасын ұсынды
  2. Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады
  3. 70-ке жуық медициналық нысан салынады: Тоқаев әлеуметтік құрылыс міндеттерін атады
  4. Құрылыста жұмысшы зардап шексе, кім жауап береді? Халық Кеңесінде мердігерлердің міндетін нақтылау ұсынылды
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 572 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?
411 рет оқылды

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысы, мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігі, жастардың ойынқұмарлыққа тәуелділігі және өңірлердің цифрлық дамуы әлі де өзекті мәселе.…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.