Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Газ, ауыз су және жүз мыңдаған жұмыс орны: Тоқаев «Халықтық құрылыс» бастамасын ұсынды

153 рет оқылды2 минут оқу

Қазақстанның барлық өңірінде газ және таза ауыз су желілерін тарту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел көлемінде жүзеге асырылатын ауқымды инфрақұрылымдық бастамаға «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жоба азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканы жандандыруға бағытталады. Үкімет жыл соңына дейін барлық аймақты қамтитын нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеуге тиіс, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады.

Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек.

Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет.

Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ.

Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Бағдарлама бар, мәселе шешілмейді: Сүйентаева өңірлердегі түйінді Халық Кеңесіне шығармақ
  2. Жаңа жол тозды: Халық Кеңесіндегі сыннан кейін Үкімет реформа бастады
  3. Құрылыста жұмысшы зардап шексе, кім жауап береді? Халық Кеңесінде мердігерлердің міндетін нақтылау ұсынылды
  4. Өңірлердің үні Астанаға жете ме: Халық Кеңесі жаңа жұмыс кезеңіне кірісті
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 575 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?
411 рет оқылды

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысы, мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігі, жастардың ойынқұмарлыққа тәуелділігі және өңірлердің цифрлық дамуы әлі де өзекті мәселе.…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.