70-ке жуық медициналық нысан салынады: Тоқаев Ұлттық қор қаржысының әр теңгесінен нақты нәтиже талап етті

Ұлттық қордан бөлінетін қаржы нақты әлеуметтік нәтиже беруі тиіс. Қазақстанның өңірлерінде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны, сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы жоспарланып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басты өлшемі халықтың әл-ауқаты екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстары қатаң бақылауға алынатынын мәлімдеді. Жобаларды жүзеге асыруға жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерін тарту ұсынылды, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:
«Бірақ Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім сақталуға тиіс. Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек.
Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет. Өйткені бөлінетін мемлекет қаражатының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру.
Тиісті жобаларды жүзеге асыруға материалдық-техникалық жағдайы жақсы және мол тәжірибесі бар жергілікті жердегі шағын және орта бизнес өкілдерін тартқан жөн. Бүкіл құрылыстың барысы қатаң бақылауға алынады
Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады.
Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді.
Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.
Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел түрде бастап, көп ұзамай іске қосуымыз керек».
Тақырыпқа қатысты материалдар
- Бағдарлама бар, мәселе шешілмейді: Сүйентаева өңірлердегі түйінді Халық Кеңесіне шығармақ
- Құрылыста жұмысшы зардап шексе, кім жауап береді? Халық Кеңесінде мердігерлердің міндетін нақтылау ұсынылды
- «Реформа үшін реформа керек емес»: Мұрат Әбенов Халық Кеңесінде нені өзгертпек?
- Тоқаев: Келер ұрпаққа жоспар емес, қуатты Қазақстан қалдыруымыз керек


