Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Тоқаев: Келер ұрпаққа жоспар емес, қуатты Қазақстан қалдыруымыз керек

126 рет оқылды2 минут оқу

Ел болашағы қағаз жүзіндегі жоспарлармен емес, нақты жетістіктермен өлшенуге тиіс. Қазақстан келесі ұрпаққа экономикасы қуатты, технологиясы дамыған, білім мен ғылымға сүйенген мемлекет қалдыруы қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы стратегиялық міндетті алға тартып, елдің егемендігін нығайту, ішкі тұрақтылықты сақтау және саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы бұл бағытта Құрылтай депутаттары мен мемлекеттік аппаратқа үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Президент сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды. Бұл – дүние жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс.

Енді алдағы уақытта да еліміздің егемендігін нығайтуымыз керек. Бұл – қазіргі әлемдегі бұлыңғыр ахуалда ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, өсіп-өркендеу деген сөз.

Осы жолда бүкіл қоғам, соның ішінде отаншыл, белсенді, білімді азаматтар қарқынды еңбек етуі керек. Құрылтай депутаттарына да үмітім зор.

Осындай жағдайда мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау мекемелерінің рөлі аса маңызды екені баршаңызға түсінікті.

Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, яғни біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек.

Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған нағыз стратегиялық міндет».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Президент Халық Кеңесін жаңа саяси жүйенің бір бөлігі ретінде атады
  2. «Реформа үшін реформа керек емес»: Мұрат Әбенов Халық Кеңесінде нені өзгертпек?
  3. «Қазақстанның Prime Era-сы»: елдің ең жақсы дәуірін жастар жалғастыра ала ма?
  4. Суперкомпьютер бар, нәтиже қайда? Мұрат Әбенов ЖИ жобаларын сынға алды
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 572 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.