Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Қытай жүктері өтіп жатыр, бірақ Қазақстан артта қалуы мүмкін: Тоқаев логистикадағы қауіп туралы ескертті

495 рет оқылды2 минут оқу

Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жүк тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Алайда бұл артықшылықты сақтап қалу үшін тек транзиттік ел болу жеткіліксіз. Әлемдік логистика түбегейлі өзгеріп жатқанда, Қазақстан халықаралық жүк ағындарын ұйымдастыратын жетекші орталыққа айналмаса, бәсекеде кейін қалу қаупі бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселеге назар аударып, жаңа теміржол желілері мен халықаралық көлік дәліздерінің құрылысын жеделдету, отандық логистикалық операторларды дамыту міндетін қойды, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2027 жылы «Бақты – Аягөз» теміржолы іске қосылып, Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады. Ал «Арал – Каспий» күре жолы Транскаспий дәлізін шамамен мың шақырымға қысқартуға тиіс.

Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Келесі мәселе. Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет.

Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі.

Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді.

Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады.

Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады.

Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады.

Мировая логистика вступила в период масштабной трансформации и ускоренного развития.

Уязвимость морских путей повысила стратегическое значение сухопутных транспортных коридоров.

Казахстан должен использовать этот исторический шанс, чтобы стать на деле ведущим логистическим центром Евразии.

Уже сейчас по нашей территории перемещается около 85 процентов грузоперевозок из Китая на европейский континент.

Но довольствоваться нынешней благоприятной ситуацией – значит обречь себя на роль догоняющего в будущем.

Уже сейчас нужно перейти на позицию полноценного организатора международных грузопотоков.

Особый акцент следует сделать на развитии отечественных логистических операторов, создании центров консолидации и распределения грузов.

Важно также сформировать вокруг транспортных узлов новые производства и торговые площадки».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Жаңа жол тозды: Халық Кеңесіндегі сыннан кейін Үкімет реформа бастады
  2. Әлия Юсупова: Халық Кеңесінің мүшесі болу – жай мәртебе емес, нақты нәтиже көрсету мүмкіндігі
  3. «Яндекс» үстемдігіне кім тоқтау салады? Ермұрат Бапи Qajet Taxi-ді бүкіл ел болып қолдауға шақырды
  4. Халық Кеңесінде айтылған міндеттер Президент бақылауында: Қарин Тоқаевқа есеп берді
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 575 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?
411 рет оқылды

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысы, мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігі, жастардың ойынқұмарлыққа тәуелділігі және өңірлердің цифрлық дамуы әлі де өзекті мәселе.…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.