Бәрін бюджетке арту қауіпті: Тоқаев экономикадағы масылдық қаупін ескертті

Қазақстандағы ауқымды инфрақұрылымдық құрылысты тек мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру кәсіпкерлік белсенділікті әлсіретіп, экономикада масылдықтың қалыптасуына әкелуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы қауіпке назар аударып, Үкіметке жеке инвестицияларды кеңінен тартудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, мемлекеттік қаржы барлық шығынды жабатын жалғыз көзге емес, жеке капиталды тартудың кепіліне айналуы тиіс, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.
Президент елдегі азаматтық инфрақұрылымды жаппай жаңғырту үшін ұзақ мерзімді қаржыландырудың барлық мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап өтті. Үкіметке қаржы секторымен бірлесіп, заң талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тиімді үйлестіру міндеті қойылды.
Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:
«Обобщая, можно сказать, что вся страна займется тотальным обновлением и перестройкой всей гражданской инфраструктуры.
Но при решении такой стратегически важной задачи полагаться только на государственные ресурсы недопустимо.
Иначе произойдет снижение предпринимательской активности и будут посеяны (теперь уже в экономике) семена патернализма или, попросту говоря, иждивенчества со всеми известными последствиями.
Правительству предстоит мобилизовать все источники долгосрочного фондирования.
Нужно с финансовым сообществом продумать, как это сделать без нарушения закона, на пользу нашему государству.
Логика принимаемых решений проста: государственные средства должны стать гарантией привлечения частных инвестиций».
Тақырыпқа қатысты материалдар
- Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады
- 70-ке жуық медициналық нысан салынады: Тоқаев Ұлттық қор қаржысының әр теңгесінен нақты нәтиже талап етті
- Газ, ауыз су және жүз мыңдаған жұмыс орны: Тоқаев «Халықтық құрылыс» бастамасын ұсынды
- Ұлттық қордағы қаржыны сақтау ғана жеткіліксіз: Тоқаев келер ұрпақ алдындағы тарихи міндетті атады


