Ұлттық қордағы қаржыны сақтау ғана жеткіліксіз: Тоқаев келер ұрпақ алдындағы тарихи міндетті атады

Ұлттық қордың болашағы тек есепшоттағы миллиардтармен өлшенбеуге тиіс. Жиналған ұлттық байлық қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның экономикалық және технологиялық дамуына ықпал етуі қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың миссиясына тоқталып, болашақ ұрпаққа тек қаржылық жинақ емес, экономикасы бәсекеге қабілетті, инфрақұрылымы заманауи, тұрмыс сапасы жоғары мемлекет қалдыру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы мұны тарихи ауқымдағы миссия деп бағалады, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:
«Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату.
Ұлттық қор көп жылдар бойы осы негізгі міндетті лайықты орындап келеді, яғни қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуда.
Жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Глубоко убежден, что историческая ответственность перед будущими поколениями заключается не только в том, чтобы оставить им денежные накопления на счетах, но и построить и передать потомкам качественно новую страну: технологически развитую, с сильной конкурентоспособной экономикой, современной инфраструктурой и высокими стандартами жизни, где каждый гражданин имеет возможность для самореализации.
Это наша главная задача, если хотите – миссия исторического масштаба.
Бұл – адам капиталын дамытуға, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, яғни ел болашағына салынатын ұзақ мерзімге арналған инвестиция».
Тақырыпқа қатысты материалдар
- Тоқаев: Келер ұрпаққа жоспар емес, қуатты Қазақстан қалдыруымыз керек
- «Реформа үшін реформа керек емес»: Мұрат Әбенов Халық Кеңесінде нені өзгертпек?
- «Қазақстанның Prime Era-сы»: елдің ең жақсы дәуірін жастар жалғастыра ала ма?
- Бағдарлама бар, мәселе шешілмейді: Сүйентаева өңірлердегі түйінді Халық Кеңесіне шығармақ


