Мазмұнға өту
Жаңалықтар

«Қуатты қалалар – қуатты мемлекеттің негізі»: Тоқаев Үкіметке жаңа міндет қойды

135 рет оқылды2 минут оқу

Қазақстанның ірі қалалары енді нақты даму жоспарына сүйеніп, заманауи цифрлық технологиялар арқылы басқарылуға тиіс. Қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу, ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру – Үкімет пен әкімдіктердің алдына қойылған жаңа міндеттер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қалалардың экономикалық өсім мен адами капиталды дамытудың негізгі орталығына айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы қалаларды дамыту ісі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасымен тікелей байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Біз ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз. Ауылдағы тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз.

Алайда, қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн.

Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс.

Сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс.

Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап.

Егер қала қарқынды дамитын болса, сол өңірдің экономикасы да өркендейді, адами әлеуеті де артады».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. Бағдарлама бар, мәселе шешілмейді: Сүйентаева өңірлердегі түйінді Халық Кеңесіне шығармақ
  2. «Тазалықты айыппұлмен орната алмайсың»: Жандос Ақтаев билікке де талап қойды
  3. Өңірлердің үні Астанаға жете ме: Халық Кеңесі жаңа жұмыс кезеңіне кірісті
  4. Жаңа жол тозды: Халық Кеңесіндегі сыннан кейін Үкімет реформа бастады
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 575 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?
411 рет оқылды

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысы, мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігі, жастардың ойынқұмарлыққа тәуелділігі және өңірлердің цифрлық дамуы әлі де өзекті мәселе.…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.