Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Мұғалім бала оқыта ма, есеп толтыра ма? Тоқаев білім саласындағы жағдайды сынға алды

4 539 рет оқылды3 минут оқу

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 мыңнан астам бала тіркелген. Ал мұғалімдерді артық жұмыстан босатуға бағытталған реформалар күткен нәтижесін толық бермей отыр. Бұрынғы қағазбастылықтың орнын электронды платформалар мен цифрлық есептер басқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесіндегі осы мәселелерге назар аударып, ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауды, мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайтуды және олардың құқықтарын қорғауды тапсырды, деп хабарлайды halyq-kenesi.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту, маман тапшылығын азайту және балалардың диагнозын ерте анықтау жұмыстарын жүйелеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар мектептерде мұғалімдерге оқушылар тарапынан дөрекілік көрсетіліп, тіпті күш қолданылатын жағдайларды көтерді. Президент мұндай оқиғаларда мектеп әкімшілігінің ұстаздарға қысым жасауын дұрыс емес деп бағалады.

Инклюзивті білім беру: 237 мыңнан астам балаға жағдай жасалуы тиіс

Президенттің сөзін өзгеріссіз ұсынамыз:

«Тағы бір өзекті тақырып. Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн.

Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар.

Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде.

Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет.

Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Осы жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн».

Мұғалімнің міндеті – есеп толтыру емес, бала оқыту

Мемлекет басшысы сөзін жалғастырды:

«Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр.

Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек.

Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр.

Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек.

Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес.

Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес.

Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек.

Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты жіті назарда ұстауы қажет».

Тақырыпқа қатысты материалдар

  1. «Реформа үшін реформа керек емес»: Мұрат Әбенов Халық Кеңесінде нені өзгертпек?
  2. 70-ке жуық медициналық нысан салынады: Тоқаев Ұлттық қор қаржысының әр теңгесінен нақты нәтиже талап етті
  3. Бағдарлама бар, мәселе шешілмейді: Сүйентаева өңірлердегі түйінді Халық Кеңесіне шығармақ
  4. «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс»: Тоқаев барлық өңірде жаппай құрылыс бастауды айтты
WhatsApp ↗Telegram ↗

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ
1 569 рет оқылды

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Қазақстан цифрлық технологиялар саласында шетелдік платформаларға тәуелділікті азайтып, өз мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды бастаманы қолға алды. Еліміздің картографиялық…

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?
408 рет оқылды

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысы, мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігі, жастардың ойынқұмарлыққа тәуелділігі және өңірлердің цифрлық дамуы әлі де өзекті мәселе.…

Көп оқылған

Соңғы жаңалықтар

Экология ұранмен түзелмейді: Ерлан Қошанов ECO Network жобаларының нақты нәтижесіне назар аударды

«Сараман жолы»: қазақ зиялыларының күрделі тағдырын баяндайтын тарихи еңбек

ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40,4%, бірақ несие әлі қымбат: Нұртай Сабильянов нақты шешім сұрады

Қазақстанның цифрлық карталары Qajet такси арқылы тәжірибеде сыналмақ

Ғалымның жалақысы, мектептегі буллинг, жастардың болашағы: Халық Кеңесіндегі 66 бастама нақты шешімге айнала ма?

Біз әлеуметтік желідеміз

Қазақстан Халық Кеңесі

Жоғары конституциялық консультативтік орган

Кеңес туралы →

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңалықтардан хабардар болыңыз.